Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Құрметті Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) Жеңісінің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы тарихының жады – ұрпақтар сабақтастығының негізі» атты Мектеп оқушылары конкурсының қатысушылары!

07.05.2020

Құрметті Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) Жеңісінің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы тарихының жады – ұрпақтар сабақтастығының негізі» атты Мектеп оқушылары конкурсының қатысушылары!

Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы тарихшыларының бірлескен жұмыс тобы Сіздерді Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығымен құттықтайды!

Осынау айтулы күндерде біз Конкурстың аяқталғанын хабарлаймыз. Конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасынан Конкурстың бірінші кезеңінен өткен отыз мектеп жобасының ішінен таңдаулы сегіз мектеп жұмыстары таңдап алынды.

Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы тарихшыларының бірлескен жұмыс тобы зерттеу жұмыстарының жоғары ғылыми-зерттеу деңгейін ескере келе, күрделі таңдаудың нәтижесінде Конскурс жеңімпаздарын анықтады.

Конкурс ережесіне сәйкес Екінші турда Байқау комиссиясы жеңімпаздарды Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасынан тең өкіл таңдау қағидасын негізге алып айқындады: нәтижесінде екі бірінші орын, екі екінші орын және төрт үшінші орын тағайындалды.

Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы тарихшыларының бірлескен жұмыс тобы Конкурстың барлық қатысушыларын зерттеу жұмыстарына белсенді қызығушылық танытқандарына алғыс білдіреді. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасынан Конкурсқа қатысқан мыңнан астам оқушы адамзат тарихында орын алған алапат соғыста Отанының бостандығы мен тәуелсіздігін сақтап қалған халықтың асқан ерлігін асырып, тарихи жадыны сақтауға зор үлес қосты деп сенеміз.

Конкурс жеңімпаздарын құттықтай отырып, салтанатты марапаттау рәсімі Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өтетінін хабарлаймыз. Өкінішке орай, әлемдегі эпидимиологиялық жағдайға байланысты Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған барлық іс-шаралар кейінге қалдырылған. Сондықтан марапаттаудың нақты күні, уақыты мен орны жайлы жеңімпаздарға қосымша хабарланатын болады.


РҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, РҒА профессоры,
Ресей ғылым академиясы Жалпы тарих институтының директоры, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы тарихшыларының бірлескен жұмыс тобының тең төрағасы
М.А. Липкин

Қазақстан Республикасы Білім академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет таризы институтының директоры, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы тарихшыларының бірлескен жұмыс тобының тең төрағасы
Б.Ғ. Аяған



Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) Жеңісінің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы тарихының жады – ұрпақтар сабақтастығының негізі» атты Мектеп жұмыстары конкурсының жеңімпаз-жүлдегерлерінің тізімі

I орын

Чупина Екатерина Геннадьевна
8 сынып, «МБОУ СОШ №1»,

Реутов қ., Мәскеу облысы,
Ресей Федерациясы

ғылыми-зерттеу жобасының тақырыбы:
«Братья Любаревы»

конкурстың тақырыптық бағыты:
Ұлы Отан соғысындағы абырой, парыз бен ерлік.

Сүйінғазы Ақниет, Жанғали Сердар
10 сынып, «Білім-инновация» лицей-интернаты,

Ақтөбе қ., Ақтөбе облысы,
Қазақстан Республикасы

ғылыми-зерттеу жобасының тақырыбы:
«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Ақтөбеге көшіріліп әкелінген кәсіпорындартарихы»

конкурстың тақырыптық бағыты:
«Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін!»: тыл қаһармандары

II орын

Корзникова Анна Сергеевна
10 сынып, Пестово қ. МАОУ «Средняя школа № 1 имени Н.И. Кузнецова»,

Пестово қаласы, Пестово ауданы,
Новгород облысы, Ресей Федерациясы

ғылыми-зерттеу жобасының тақырыбы:
«История одного поиска»

конкурстың тақырыптық бағыты:
Ұлы Отан соғысындағы абырой, парыз бен ерлік

Кошман Анна
7 «В» сынып, №5 гимназия,

Нұр-Сұлтан қ.,
Қазақстан Республикасы

ғылыми-зерттеу жобасының тақырыбы:
«Четыре судьбы – четыре военных пути»

конкурстың тақырыптық бағыты:
«Мәңгілік даңқ»: отбасымның тарихы – елімнің тарихы

III орын

Горелова Софья Александровна
8 сынып, МКОУ «СОШ № 2», МКОУДО «Дом детского творчества»,

Киров қ., Калуга облысы,
Ресей Федерациясы

ғылыми-зерттеу жобасының тақырыбы:
«Герой своего времени»

конкурстың тақырыптық бағыты:
«Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін!»: тыл қаһармандары

Наточий Никита
10 сынып, Покровка орта мектебі,

Покровка ауылы, Есіл ауданы,
Солтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы

ғылыми-зерттеу жобасының тақырыбы:
«Места Памяти» Великой Отечественной Войны

конкурстың тақырыптық бағыты:
Ұлы Отан соғысының «Еске алу орындары»

Симарева Алина Дмитриевна
11 «Б» МОУ «Новодвинская гимназия»,

Новодвинск қ., Архангельск облысы,
Ресей Федерациясы

ғылыми-зерттеу жобасының тақырыбы:
«История одной медали»

конкурстың тақырыптық бағыты:
«Мәңгілік даңқ»: отбасымның тарихы – елімнің тарихы

Рысбек Санат
10 сынып, №19 орта мектеп,

Талды ауылы, Қарқаралы ауданы,
Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы

ғылыми-зерттеу жобасының тақырыбы:
«Жеңісті жақындатқандар (куәгерлер көзімен)»

конкурстың тақырыптық бағыты:
«Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін!»: тыл қаһармандары, Ұлы Отан соғысы жылдарында жастар мен балалардың күнделікті өмірі


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика