Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Айдың үздік қызметкері анықталатын болады

Айдың үздік қызметкері анықталатын болады 07.10.2020

Айдың үздік қызметкері анықталатын болады

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының этика бойынша уәкілі А.Н. Қашқымбаев Институт қызметкерлерінің кәсіби және қызметтік этикасының жалпы қағидаттары бекітілгіндігін айта отырып, қысқаша түсініктеме берді. Министрлік тарапынан қабылданған «Әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл туралы» Ережені таныстырып, қызметкерлердің әдеп мәселесіне байланысты жұмыстар жүргізу қажеттілігі айтылды. Министрлік тарапынан өткізілетін «Айдың ең үздік қызметкерлері» конкурсын өткізудің тәртібі туралы ережені таныстыра, Институттан іріктеп бір үміткер жіберілетіні атап өтті. Бұл конкурс қызметкерлердің мансаптық өсуін ынталандырады, кәсіби деңгейін арттырады, қызметкерлердің белсенділігін арттырады.



Институттың әр бөлімі келесі отырысқа ең ең үздік деген қызметкерлерін ұсынуы тиіс. Келесі айдың басында өтетін отырыста Айдың ең үздік қызметкерін таңдау бойынша комиссия құрамы белсенді, жоғары кәсіби, бастамашыл бір үміткерді таңдап алып Министрлік конкурсы қарауына ұсынады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар материалдық ынталандырумен марапатталады.

1. Айдың үздік қызметкерін таңдау бойынша комиссия құрамы төмендегідей адамдардан құралған:
- Шериязданов Бауыржан Рақымғалиұлы – Комиссия төрағасы;
- Әдиет Қайыркен Балтағұлұлы – Комиссия хатшысы;
- Ғабдуллина Анар Жеңісқызы, Қалиева Марал Шатулақызы, Құдайбергенова Маржан Анарбекқызы комиссия мүшелері болып бекітілсін. Институттың этика бойынша уәкілі А.Н. Қашқымбаевтың қолы қойылып Комиссия құрамы бекітілді.






Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Әбiл Еркiн Аманжолұлы


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика