Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Басты мұрат - тəуелсіз тарихи сананы қалыптастыру

Басты мұрат - тəуелсіз тарихи сананы қалыптастыру 22.02.2021

Басты мұрат - тəуелсіз тарихи сананы қалыптастыру

Тарихтың шынайы беттерін айқындауда ашаршылық құрбандары бойынша ортақ ғылыми пайым жасау, тиісті тарихи құжаттарды жинақтау, мәліметтерді зерделеу, қасірет ауқымын нақтылап айқындау, бабалар рухына тағзым ету міндеті қойылғаны мәлім.

Төл тарихты және оның шешуші кезеңдерін терең тануға ұмтылыс жасау күн тəртібінде. Жоғарыдағы міндеттерді еңсеруге мүмкіндік бар, егер бұл жұмыстарға қызметтік дәрежесі емес, ғылыми академиялық базасы бар маман-ғалымдар əлеуеті тартылған жағдайда. Себебі қазіргі шетелдік басылыммен шығып жатқан кітап авторлары бірнеше ондаған жылдар бойы қазақстандық ғалымдардың еңбектері мен консультациясын алып келді.

Тек қазақстандық ғалымдар оны жар салып жарияламайды, өз шығар биігінде уламай-шуламай зерттеу жұмысын жүргізуде. Мысалы, менің ғылыми жетекшім, 1992 жылы Комиссияның жұмысшы тобында алты ай архивтер жұмыс атқарған Қайдар Алдажұмановты Алматыда жəне Мәскеудің архивінде жүргенде шетелдік ғалымдар келіп, сағаттап отырып консультация алғанына куə болғанмын. Қазақ тарихы философиясын қазақтан артық ешкім түсіне алмайтыны заңды құбылыс. Айта кету керек, БАҚ беттерінде арызданып сайрап жүрген профессордың бірі 2011 жылы Астанада өткен Ашаршылыққа арналған халықаралық конференция жұмысына ғылыми жетекшімді қатыстырмай, қонақ үйде ғылыми жобамен отырғызып қойғанына да куə болғанмын. Сол күні ғылым үш жобаны министрлікке өткіздік.
Бұған да Үкімет кінəлі ма?
Неге бізде осындай ұлағатты кісілердің лекциясын сағаттап тыңдатуға жағдай жасамасқа, өзге де моральдық тұрғыда мәртебесін көтермеске. Айналайын ағалар, ғылымның киелі екенін естен шығармасақ екен. Сондықтан да сенатор М. ƏШІМБАЕВТЫҢ баяндамасында айтылған "тарихтың өнегелі беттерінен үлгі алып, ауыр да азапты жылдар көрінісінен тағылымды қорытынды жасау керек" деген тұжырымына қосыламын. Интеллектуалдық қоғам қалыптастыру үшін де қолда бар əлеуеттің қадір-қасиетін білген абзал. Биылғы бастау алған мемлекеттік маңызы бар іс-қимылдар, нәтижелі болғай!

Ашаршылық және қуғын-сүргінге байланысты 1992 жылы-ақ баға берілгені өздеріңізге белгілі. Сондықтан да Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың "Тарихты тарихшылар жасын" деген сөзінде зерделеген адамға үлкен мəн бар. 

Құндызай Ерімбетова,

Мемлекет тарихы институты, тарих ғылымдарының кандидаты

Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Әбiл Еркiн Аманжолұлы


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика