Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Сталиндік шаралардың зардабы

Сталиндік шаралардың зардабы 23.02.2021

Сталиндік шаралардың зардабы

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының тарихшы ғалымдары Қазақстандағы 20-30 жылдардағы ашаршылық мәселесіне қатысты мақалаларын шетелдік импакт-факторы жоғары журналдарда жариялап жүр.

Осыған орай, Мемлекет тарихы институты Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімінің бастығы, т. ғ. д., профессор Ғани Мұқашұлы Қарасаев бастаған тарихшы ғалымдардың 2020 жылдың соңғы ширегінде «Opcion» журналында жарық көрген «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТАЛИНДІК АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЖЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫ, ОНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ (ХХ ғ. 20-30 жж.)» тақырыбындағы мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.

Ғылыми мақала бұрын айналысқа енбеген, пайдалануға рұқсат етілмеген ҚР Президенті, ҚР Мемлекеттік мұрағаттары деректері негізінде дайындалды. Онда ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Кеңес Одағындағы, соны ішінде оның құрамында болған Қазақстандағы сталиндік тоталитарлық биліктің қазақ ауылшаруашылығындағы ірі байлар мен орташа ауқатты адамдарды тап ретінде жою, шаруашылықты казармалық социализм талаптарына сай ұжымдастырдың мақсаты, барысы мен зардаптары туралы баяндалып, ғылыми баға берілген. Сол мерзімдегі БК(б)П Қазақ Өлкелік Комитетінің бірінші хатшысы болған Ф.И. Голощекиннің республиканың ауылшаруашылығындағы «Кіші Қазан төңкерісін» ұйымдастырудың барысы мен оның зардаптары, осының негізіндегі халықтың дәстүрлі шаруашылығынан айырылуы, үлкен бөлегінің көрші елдерге жасырын жаппай қоныс аударуы, ал қалғандарының қолдан жасалған аштықтан қырғынға, демографиялық апатқа ұшырауы нақты деректер негізінде баяндалған.

Мақалада ауылшаруашылығын қысқа мерзімде ұжымдастыруды іске асыру үшін Қазақстанда бай және орташа ауқатты шаруаларды тап ретінде жою саясаты аса өрескел, қаталдықпен жүргізілгендігі, бұл шарадағы өрескел асыра сілтеудің жаппай орын алуына байланысты одан орташа және кедей шаруалардың да барынша зардап шеккендігі нақты мысалдар арқылы баяндалған. Қазақстанның аймақтарының түгелге жуығын қамтыған ұжымдастыруға келіспеушілердің және қарсы шығушылардың барлығының әскери жолмен аса қаталдықпен жазаланғандығы сараланған.
Малдары толығымен тартып алынып, өздері күштеп ұжымшарларға тартылған ауыл тұрғындары Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған қарулы көтерілісшілер қатарына қосылғандығы нақты мысалдармен жазылған. Алайда мұндай көтерілістердің қаталдықпен басылғандығына талдау берілген.

Мақалада ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның ауылшаруашылығындағы бұл саяси оқиғаның нәтижесіне ғылыми баға берілген. Республикадағы ешқандай дайындықсыз және жергілікті тұрғындарға оның қажеттігі мен маңызын түсіндірусіз, миллиондаған адамдарды туған жерлерін тастап, босқындыққа ұшырату және қырғынға ұшырату арқылы іске асырылған сталиндік ауылшаруашылығын ұжымдастырудың қорытындыларын әлемдік тұрғыда жариялауға арналған ұсыныстар берілген.

Мақаланың толық нұсқасы: https://drive.google.com/file/d/1LsaQi85g99K9SGQqRZhycrrlmMoYYK_6/view?fbclid=IwAR3iLmCZ5Lud6k7wtMde...


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Әбiл Еркiн Аманжолұлы


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика