Institute of History of the State

Republik of Kazakhstan, Astana sity, Mangilik El street, 8, 14 entrance

 

Materials of international scientific-practical conference «Mangilik el»

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ӘЛЕМІНІҢ ГУМАНИСТІК ҚЫРЛАРЫ


С.Е. Нұрмұратов, ф.ғ.д., профессор, ҚР БҒМ ҒК Философия,
саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары

Ә.Н. Нысанбаев, ф.ғ.д., профессор,
ҚР ҰҒА академигі


Қазақстан Республикасы Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың елдің болашағын айқындауға арналған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» біздің еліміз үшін өзара сұхбат және өзара түсінісу философиясы алға шығарды. Өйткені кез келген қоғамда адамаралық, мәдениетаралық өзара сыйластықты орнатпай алға қарай жылжуға кедергілер көбейеді. Сондықтан, біздің пайымдауымызша, барлық деңгейлерде көпэтносты қазақстандық қоғамның қабырғасын нығайтамыз, әлеуметтік кеңістікте рухани келісімді орнатамыз десек, оның рухани-құндылықтық негіздерін анықтаймыз десек, онда дүниетанымдық бағдарларымыздың теориялық және практикалық қырларын айқындап алуға тиістіміз. Бұл өз кезегінде азаматтар арасында рухани тәрбие, рухани сауаттылық мәселесін маңыздандыра түседі. Қазақстандағы зиялы қауымның қазіргі замандағы абыройлы парыздарының қатарына - Отанымыздың тарихи қалыптасқан руханият әлемін нығайтуға, өркендетуге өз үлесін қосу жатады.

Жалпы соңғы уақытта «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының қоғамда өзектендірілуі кездейсоқ дүние емес. Еліміздің Президенті өзінің соңғы Жолдауында «Мәңгілік Ел» ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым» [1] деп нақты өзінің тұжырымдарымен отандастарымен бөлісті. Шын мәнінде ұлттық идеяның тарихта, қоғамдық үдерістерде атқаратын жасампаз қызметі жоғары екені анық. Ұлттық идея негізінен ұлт элитасының көмегімен әлеуметтік ортада туындап, содан соң жалпы бұқара халықтың ортасында қолдауын тапқанда ғана өзінің тарихи миссиясын толығымен орындай бастайды. Әсіресе, осы тарихи маңызды идеямен көпэтносты, көпконфессиялық қоғамымыздың жастары қаруланса, онда өзара ұлтаралық келісіммен өмір сүруімізге түбегейлі іргетас қаланады.

Қазақ Жерінің тарихын жақсы білетін кез келген сауатты азамат Елбасының ұсынған жаңа ұлттық идеясының халқымыздың болашағы үшін маңызы зор гуманистік маңызы бар екенін түсінеді. Сонымен қатар бұл рухани құбылыстың ел тарихында өзіндік эволюциялық тамырлары, қайнар көздері болғанын атап өтуге болады. Қазақ хандығы қалыптаса бастаған ХV-XVI ғасырларда Асан Қайғы өрнектеген «Жер ұйық» идеясы болғаны белгілі. Ол идея ата-бабамызды қанаттандырды, өзінің этникалық бірегейлігін нақты анықтауға көмектесті. Кейінгі тарихта жоңғар шапқыншылығы заманында «Атамекен» идеясы үш жүздің басын біріктіріп, этностың өзін-өзі сақтап қалуына рухани тірек болды. ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамына ең қажетті ұлттық идея ретінде М. Дулатов «Оян, қазақ» идеясын алға тартты. Аумалы-төкпелі заманда революциялық өзгерістерден гөрі қауымдастық үшін сапалы эволюциялық дамуды артық көрген қазақ зиялылары ағартушылықтың халық үшін түбегейлі пайдасын аңғарғанын байқаймыз. Ал енді қазіргі кезеңде елдің болашағын нақты істерімен күйттеуі үшін әмбебап, толыққанды рухани платформа болатындай ұғым қажет болатын. Міне сондықтан Елбасымыз ортақ мүддені, ортақ мақсатты, ортақ болашақты көксейтін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қазақ халқына, қазақстандықтарға дер кезінде ұсынды.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының жалпы терең мазмұны Қазақстан халқының әрбір азаматының мүддесін қорғауға бағытталған. Бұл жерде әрбір жеке азамат үшін қажетті құндылықтар жүйесінің үйлесімді қалыптасуы мен дамуына мемлекетіміз өзіндік кепілдік беріп отырғанын атап өту керек. Жалпы өркениетті елдердің қатарына қосылудың бастамасы елдегі адам құқығы мен оның еркіндігін қамтамасыз ету және тұлғаның мүдделерінің оның ұлтына, тіліне, дініне, көзқарастарына қарамастан қорғалуын жүзеге асырылуында болып отыр. Осы бағытта біздің мемлекеттік және қоғамдық органдар өздерінің тарапынан білікті істерді атқарып келеді.

Тәуелсіздік жылдары қазақ халқының рухани-құндылықтық әлемі, оның ұлттық санасы мен дүниетанымы жаңарып, өзін-өзі тану, өзін басқаға таныту, өзінің бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін ардақтау, қазақ халқының генофонындағы ұлы ойшылдары мен тұлғаларын бүкіл әлемге таныту, бай рухани және мәдени қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды. Сондықтан 1500 жылдық түркі және қазақ тарихының негізін ұмытпауымыз керек [2].

Қазақ халқының рухани әлемі сонау ежелгі түркілік кезеңнен Абайға дейінгі дәуірде қалай өзгерді, қалай жаңарды, халықтың даналыққа құштар-лығы артты ма, әлде өмірдің материалдық жағы басым болды ма? Қазіргі заманда тұлғаның рухани әлемін сақтау мен дамыту бойынша қандай үдерістер жүріп жатыр? Әл-Фарабиден Абайға дейінгі қазақтардың рухани өмірінде қандай сапалы өзгерістер бар еді және олардың гуманистік сипаттамасы қандай?

Абай адами тұлғаның мән-маңызын алғырлықпен терең түсіне білді, адамды асқақтатты және «Адам бол!» тұжырымын философиялық ұстын деңгейіне дейін көтерді. Бұл, біздің ойымызша, оның әлеуметтік онтоло-гиясының мәнін білдіреді. Мұндай онтологияда қоғам адамға қысым көрсетпейді және оны әлеуметтік жүйенің жәй бұрандасы немесе өндірістің механикалық қосымшасы етпейді, керісінше, әрбір адам рухани және адам-гершілік тұрғыда дами отырып, жүрегінің түкпірінде Жаратқанның өсиет-теріне деген адалдықты сақтай отырып, өзінің ар-ожданының үніне құлақ түре келе, қоғамдық тұтастықты құрайды. Дәл осы себепті, біздің пікірі-мізше, Абай адамдардың достығына соншалықты үлкен көңіл бөледі. Қоғам-дық қатынастар мен қоғамдық өзара әрекеттердің осы басты екпіні ойшыл-дың поэзиясында да жүйелі түрде естіледі және оның философиясында да бірдей табандылықпен жүргізіледі.

«Адам бол!» рухани ұстыны ақылдың адамгершілік қатынастар саласына енуінің мәнін ұғынуға да септігін тигізеді, өйткені ол адами қарым-қатынасты тек адамның адамға деген сыртқы бағыты тұрғысынан ғана емес, адамның өзінің өзіне ішкі бағыттылығынан да, әрбір индивидтің ішіндегі ар-ұяттың үнін де сипаттайды. Адамгершілік қылық, Абай бойынша, қашанда тек сыртқы жағ-дайларға, нормалар мен дәстүрлерге ғана сәйкес болмай, ішкі ақыл-ойыңа саналы түрде бағыну арқылы, ішкі еркің арқылы әрекет етуді білдіреді [3]. Ақылға сай әрекет ету сондықтан нағыз шынайы адами әрекет, адамгершілік әрекет ақылды әрекет болып табылады.

Абайдың тұлғасына қатысты, оның адамгершілік туралы ойларының оның өмірлік практикалық ұстанымынан алшақтамағанын, оның нық сенімі болғанын сипаттайтын тағы бір маңызды сәтті атап өту керек. Оның ар-ож-данының ішкі дауысы одан өзінің туған қазақ халқының тағдырын шынайы пайымдауды талап етті, өзі туралы ащы да болса, халыққа шындықты айтуды талап етті, өйткені, оның іліміне сәйкес, ұлы мақсаты немесе ортақ ақиқаты болмаған халық рухани өлімші. Ал өмір болмаған жерде жетілу де болмайды. Қазақ халқының рухани күш-жігерінің сарқылмас бастауына айналып, үз-діксіз рухани кемелденудің ұлы жолында оны асқақтата білген өзінің «Адам бол!» принципіне негізделген философиясының адамгершілік талабын өмірге енгізген Абайдың өмірлік ұстанымы осындай болды. Бізге бүгінгі технократиялық ойлау мен әрекет басымдылық ететін заманда жүрекпен ойлана алатын адамның қабілетін қалыптастыруымыз керек сияқты.

Абай үшін адам болу нені білдіреді? Адам болу, ең алдымен, өз жүрегіңде Құдаймен қосылуды және білімге, әділдікке және қайырымдылыққа ұмтылуды білдіреді. Бұл Жаратқанның адамның маңдайына жазған жазмышына сәйкес болуды аңғартады, бұл адамдарға жақсылық жасауды, оларға білім нұрын әкелуді және адал әрі мейірімді болуды байқатады. Бұл адамгершілік қасиет-терге ие болу және оларды жетілдіру, Абай бойынша, ғылымға, сенімге және өмірге деген адалдық пен жігер арқылы мүмкін болады. Адамшылық – онда қоғам өзін-өзі іске асыруы тиіс жалпыға ортақтықтың формасы. Қоғамда негізгі орынды саяси, экономикалық немесе басқа қатынастар емес, адам-шылық, адамгершілік қатынастар алуы тиіс. «Адамның мәнін, – деп түйіндей-ді ойшыл, – махаббат, әділдік және руханилық құрайды. Адамдардың бұл бастауларсыз күні жоқ. Олар араласпайтын және қандай да бір адами тағ-дырдың алдын алмайтындай өмірде бірде-бір жағдай болмайды. Алла тағала ғаламды осылай жаратқан».

Абай шығармашылығы – қазақ халқының бай руханилығының шоғырлан-ған көрінісі, Абай – қазақ халқының ар-ожданы. Қазақ мәдениетінде халық-тың кемшіліктері мен жамандықтары туралы одан өткір жазған кім бар? Кім одан артық ағартушылық арқылы қараңғылықтан құтылудың қамын ойлады? Абай қазақ қоғамының ішіндегі алауыздық пен қырқыстан, жамандық пен пәлекеттерден шаршағаны мен көңілі қалғанына қарамастан, бұл қоғамның өзінің жетілмеген әлемін өзгертуге, кемелдіктің биігіне жетуге мүмкіндігі бар екенін көрсетіп берді. Абайдың философиясы әртүрлі мәдениеттердің түйіс-кен тұсын білдіреді, ол мәдениеттердің бір-бірімен және автордың өзімен өзінің көп деңгейлі сұхбатын айқара ашады. Абай уақыттан тыс және кеңіс-тіктік шекарадан тыс биік кемелдікке деген жалпыадамзаттық ұмтылысты білдіруші, сондықтан ол арқылы және оның шығармашылығы арқылы қазақ мәдениеті әлемнің көптеген мәдениеттеріне үйлесе түсінікті болып шықты. Қазақ халқы және оның бай рухани мұрасы өзге халықтардың өкілдерінің жүрегінен орын тепті және бұл үдеріс – жаңа бүгінгі адамзаттық қауымдас-тықты қалыптастырудың, оның гуманистік құндылықтары мен мұраттары-ның бастауы.

Абай – қазақ халқының жан-жүрегі мен ақыл-ойы – XXI ғасырдағы жа-hандық әлеуметтік-мәдени өзгерістер дәуірінде рухани өсу мен ағартудың қайнар көзіне айналды. Сонымен Абайдың философиялық-этикалық ілімі қазіргі жаһандануға байланысты туындайтын күрделі мәселелерді, олардың ішінде еркіндік пен руханият проблемасын талдауға үлкен септігін тигізері айдан анық. Мәселе тек осы рухани негіздерді қазіргі заманны

Міржақып Дулатовтың алғашқы өлеңдер жинағы 1909 жылы Қазан қаласында «Оян, қазақ!» деген атпен жарық көрді. Онда әлеуметтік әділет-тілік, бостандық, азаттық тақырыптары сөз болады. Ол «…жатудың енді, қазақ, жарамасты» деп халық рухын осындай өтпелі кезеңде жандандыру арқылы бүкіл қазақ халқын патшалық Ресей тарапынан отарлық қанауға қарсы күреске, ұлттық бірлікке, өнер білімге шақырды.

Кешегі кеңес заманында да іштегі арманын сөзбен жеткізе алмаған зиялы азаматтарымыздың ұлы баба сөздерін әспеттеп, үнінің алысқа жетуіне жағ-дай жасауының бір сыры осында жатыр. Қазақтың күйлері мен өнер туын-дыларын үзбей тыңдаған ұрпақтың өршіл рухын бойына сіңіріп өспеуі мүм-кін емес. Сол рух, міне, бүгін жаһандану заманында біздің егемен елдігімізді дербес демократиялық жолмен қайта құрып, мәдениетімізді дамытып, бүкіл дүниетанымымызды жандандырудамыз. Қазақтың хандық және басқа дәуірлеріндегі мәдени және рухани мұраны игеру – халық рухын, рухани әлемін жандандырудың бірден-бір жолы.

Қазақ хандығы дәуіріндегі биліктің қызмет ету ұстындарының бірі саяси тепе-теңдік пен мәмілеге келу болып табылады. Басқаша айтқанда, жоғарғы мемлекеттік билік басындағы лауазымды орындар үшін әртүрлі саяси топ-тардың бәсекелестігі мен әрекеті, әдетте, билік субъектілерінің өздерінің мә-мілеге бейім ойлауының салдарынан құпиялы жағдайда өтеді, ал бұл, өз кезегінде, әрбір «ойыншы» әрекетінің ережесін дәл анықтай отырып, саяси үдеріске қатысушыларды мәмілеге келуге немесе қандай да бір «мәрттік келісімге» келуге итермелейді. Сондықтан, Қазақстандағы биліктің сипатын терең ұғыну үшін, алдымен қазақтардың дәстүрлі саяси мәдениетінің, құнды-лықтарының сатысын, саяси дәстүрлерін және олардың қазіргі Қазақстан өміріндегі рөлін зерттеу қажет.

Мәмілеге бейім ментальдығы – қазақтардың діліндегі түбірлі категория-лардың бірі және саяси дәстүр тұрғысынан алғанда қызығушылық тудырады. Ол қазақ этносының бірнеше ғасырлар бойғы тарихи дамуы барысында қалыптасты. Тәңіршілдік діни жүйе ретінде үлкен әсерін тигізді, ол қандай да бір организмдердің қатар өмір сүруі үдерісінде өзара жойып жіберу тетік-терінің жүзеге асырылуына мүмкіндік бермеді. Тәңіршілдік қарама қарсы жақтардың өзара әсерін үндеп, үйлесімділікті насихаттады (әдетте адамның табиғатпен өзара қатынасында үйлесімділікті орнықтыру ұғынылады).

Көшпенділер осы қондырғыны әлеуметтік қатынастар жүйесіне көшіріп енгізді. Кейінірек ислам оны саяси ғұрыптардың жүйесі ретінде, сатылық бағы-ныштылық пен саяси қысымның тетігі ретінде бекітті. Дәл осы исламның дамуы кезеңінде, оның қоғамдық өмірдің барлық салаларына ауқымды енуінің барысында – мәміле, мәмлегерлік қазақтардың саяси мәдениетінің құрамдас бөлігіне айналды. Бұған қазақтардағы жазмыш пен тағдырға деген табиғаттың мызғымас дәстүрі мен заңдарына деген сенімнің болуы өзінің оң ықпалын тигізді. Мынадай тағы бір қызғылықты нәрсені де атап өту қажет: көптеген қазақ ертегілері мен аңыздарындағы өз жеңілісін мойындау, белгілі бір мәселе бойынша мәмілеге келу немесе туындаған қақтығысты күш көр-сету нұсқасына бармай, тек сұхбаттық пікір алмасу жолымен ғана шешу – нағыз адамшылықтың белгісі ретінде айтылады.

Мүмкін сондықтан болар, қазақтардағы мәрттік өзін құрбандыққа шалумен, өзінің эмоцияларын ауыздықтаумен байланыстырылып, адамның күнделікті жүріс-тұрысы өмірдің қалыптасқан нормаларымен – ұстамдылықпен, қанағатшылдықпен және жауапкершілікпен өлшенеді. Оның үстіне, ұлттық тарихтың көрнекті қайраткерлері туралы көне аңыздарда, мемлкеттің қандай да бір жетекші-лерін әңгімелеушілер осы талапқа сай жағымды немесе жағымсыз бағалап отырады: олардың әңгімелерінің кейіпкері өз тайпаластарының, елінің және т.б. мүддесі үшін өзінің жеке ұстындарын немесе жақындарының өмірін құрбандыққа шала ала ма, алмай ма, осыған қарай бағаланды. Мұның барлығы қосып алғанда, қазақтарда мәміле мен келісімге келушілік тепе-теңдік пен тұрақтылық категориясы ретінде қазақ қоғамының саяси санасына сіңіп кеткенін көрсетеді.

Бұл ұстын, сырт көзбен қарағанда, бүкіл қоғамның үйлесімді дамуының алғышарттарын құрайтын формальды ғұрыптардың және шарттардың жиынтығы болып табылады. Келісім мен толеранттылық, төзімділік ұстындары саяси маневрлардың алдын алады және саяси үдеріске қатысу-шыларды тыңдауға, бітімге келуге мәжбүрлейді. Бір жағынан, алғанда бұл ұстындар қоғамдық-саяси қатынастардың тұрақтандырушысы, саяси жүйе қызметіндегі тепе-теңдікті ұстаудың тетігі ретінде көрінеді. Осыған орай тарихи сананың жасампаз рухани мұрасы қазіргі қоғамды үйлесімді қалыптастыруға, дамытуға ықпал ететініне күмән келтіруге болмайды.


Әдебиеттер тізімі

1. Послание Президента Республики Казахстан – Лидера нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства». – Алматы, 2012. – 109 с.

2. Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы, 1999. – 190 б.

3. Құнанбаев А. Қара сөз. Поэмалары. – Алматы: Ел, 1993. – 272 б.


© Copyright 2013. Институт истории государства
Яндекс.Метрика