Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Институт туралы

  1. Мемлекет тарихы институтының Жарғысы
  2. Мемлекет тарихы институтының стратегиясы
  3. Мемлекет тарихы институтының басшылығы
  4. Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімі
  5. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тарихы бөлімі
  6. Еуразиялық және саяси зерттеу бөлімі
  7. Ғылыми-ақпарат бөлімі
  8. Тарихшылар маршы

МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫ
туралы мәлімет


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 мамырдағы № 416 қаулысымен құрылды.

Қазіргі кезде Институт директоры қызметін тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы атқаруда. Ғылыми қызметтегі негізгі бағыттары: тарих ғылымының теориясы мен әдіснамасы, этникалық тарих, мемлекет және құқық тарихы. 200-ден астам ғылыми жарияланымдары, оның ішінде 22 монография, 26 оқулық пен оқу құралы, ISI, Scopus базаларына кіретін журналдарда 7 мақаласы жарияланған.

Мемлекет тарихы институты (МТИ) мақсаты – Қазақстанның қазіргі тарихындағы мемлекеттілік және тарихи сана қалыптастыру процесін ғылыми талдау, теориялық жүйелі түрде негіздеу, сараптамалық талдаумен қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекет тарихы институты өздеріне тиесілі жұмысты атқару үшін, жоғары деңгейдегі кәсіби қызметкерлерден құралған кадрлармен жасақталған. Институт ұжымы жоғарғы кәсіби деңгейлігімен ерекшелене отырып, кейбір қызметкерлердің ағылшын, түрік, қытай тілдерін еркін меңгеретіндіктерін көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта Институтта 45 қызметкер еңбек етеді. Соның ішінде 7 доктор мен 10 ғылым кандидаты, 3 PhD, 10 магистрант бар. Институт қызметкерлерінің орта жасы – 49.1 жасты құрайды.

Мемлекет тарихы институтының құрылымында 5 бөлім бар. Олар:

  • Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімі;

  • Индустриалды-инновациялық даму және этноәлеуметтік үдерістер тарихы бөлімі;

  • Еуразиялық және салыстырмалы саяси зерттеулер бөлімі;

  • Ғылыми-ақпарат бөлімі;

  • Әкімшілік-қаржы бөлімі.

МТИ жанында Ғылыми кеңес және Жас ғалымдар кеңестері қызмет жасайды. Кітапхана қоры жаңа ғылыми әдебиеттермен қамтылған. Институт ғалымдарының зерттеу еңбектерін баспадан шығаратын сандық мини-типография жұмыс істейді. Институттың соңғы техникамен жабдықталған материалдық-техникалық қоры ғылыми қызметкерлерге жұмыс жасауға қолайлы жағдайлар туғызады.

Институт ұжымы 13 жылдың ішінде 70-тен аса ғылыми еңбектерді жарыққа шығарды.

Жарық көрген еңбектердің тізбесінде: «Қазақстанның қазіргі тарихы» оқулығы жоғары оқу орындарының тарих емес мамандықтардың (бакалавриат) студенттеріне арналған қазақ және орыс тілдерінде; Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы «Қазақстанның қазіргі тарихы» хрестоматиясы қазақ және орыс тілдерінде; «Справочники о политических партиях современного Казахстана» қазақ және орыс тілдерінде; словарь по политическим технологиям и терминам «Назарбаев Нурсултан Абишевич – основатель независимого государства» қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде; «Нурсултан Назарбаев и казахстанская модель строительства государства (исторический аспект)» «Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы», «1932–1933 жылдардағы ашаршылық ақиқаты. Правда о голоде 1932–1933 годов» монографиялары қазақ және орыс тілдерінде; «Ұлы Дала тұлғалары» «Алимхан Ермеков», «Жұмабек Тәшенев», «Ілияс Есенберлин», «Кәрім Мыңбаев», екі томдық «Анна Панкратова» туралы кітаптар жарық көрді.

Институт ғалымдары рейтингі жоғары ғылыми журналдарда белсенді жарияланып отырады: 2018 жылы – 8, 2019 жылы – 12, 2020 жылы – 9 мақала.

МТИ бастамасымен 2009 жылы 28 сәуірде «Қазақстанның кәсіби тарихшылары мен қоғамтанушылар Лигасы», 2009 жылы 16 маусымда «Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясы» қоғамдық бірлестіктері құрылған.

2011 жылы Институттың ғалымдары Қазақстан тарихшыларының Ұлттық Конгресі төрағасының орынбасары ретінде профессор Б.Ғ Аяғанды тағайындады.

Институт отандық және шетелдік жетекші ғылыми-зерттеу, сараптамалық, білім беру орталықтармен тұрақты байланыс орнатқан (АҚШ, Франция, Голландия, Ресей, Түркия, Польша, Румыния, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б.). Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің Археология және этнография институтымен, Гувер соғыс, революция және бейбітшілік мұрағатымен (АҚШ), Украина тарихы институтымен, Қырғызстанның Дипломатиялық академиясымен, «Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетімен» (ақпан, 2020 ж.), «Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетімен» (28.08.2020 ж.), Санкт-Петербург қаласында орналасқан «Экономика Жоғары Мектебі – Ұлттық зерттеу университеті» филиалымен (қараша, 2020 ж.) және жоғарыда аталған көптеген мемлекеттердің ғалымдарымен ынтымақтастық туралы шарт жасады.

2012 жылы Мемлекет тарихы институты ғалымдары Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» степендиат иегерлері атанды. Профессор Б.Ғ Аяған Амстердамның (Голландия) мұрағаттары мен кітапханаларында ғылыми тағылымдамадан өтіп келді. Филология ғылымдарының кандидаты М.Л. Анафинова Ұлыбританияның Кембридж университетінде жарты жылдық тағылымдамадан өтті. Институттағы жас ғалым Д.Б Аманжолов Мәскеу қаласында Ресей Федерациясы Президентінің Халық шаруашылығы мен мемлекеттік қызмет Академиясында бір жылдық тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. Ғылыми қызметкер Ерзат Табыс Пекиннің (Қытай) Синьхуа университетінің магистратурасын аяқтаса, жас ғалым Айнагүл Сметова Үндістанда білімін шыңдады. Мемлекет тарихы институтының бөлім басшысы, т.ғ.д., профессор Карасаев Ғ.М. Максимилиан Вебер атындағы Халықаралық медалімен, Мәскеу қаласында өткен XLV Мерейтойлық Халықаралық ғылыми басылымдар таныстырылымы көрмесінің лауреаты дипломымен және Алтын медальмен, 2020 жылы Майндағы Франкфурт қаласындағы Халықаралық ғылыми көрменің дипломымен марапатталды.

МТИ жыл сайын Қазақстанның қазіргі дамуының өзекті мәселелері бойынша ірі ғылыми форумдар, халықаралық конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізіп тұрады. 2011 жылы Институт ұжымы Қазақстан тарихшыларының I Конгресін өткізді.

Институт жыл сайын ірі ғылыми форумдар, «Тәуелсіз Қазақстан тарихын оқытудың өзекті мәселелері», «Елбасының халыққа Жолдауы және саяси дамудың тарихи мәні», «Тәуелсіз Қазақстан: елестің соңы және тарихтың құрылуы», «ХХ ғасырдағы 30 жылдарындағы Қазақстандағы аштық: халық апаты және тарих сабақтары» атты Қазақстанның қазіргі дамуындағы өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстелдер, республикалық және халықаралық ғылыми конференциялар; Халықаралық Еуразиялық конгресс, «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Назарбаев оқулары, Ш.Ш. Уәлихановтың туғанына 150 жыл толуына арналған «Президенттік басқару нысаны: конституциялық негіз және саяси тәжірибе», «Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) – Ұлы Дала тарихы», «Шоқан Уәлихановтың шығармашылық мұрасы: Еуразиялық мәдениеттердің синтезі», «Қазақ мемлекетінің құрылуы мен нығаю тарихы: жаңа ашылымдар мен ғылыми бағалаулар», «Ұлуқ Ұлыс-Алтын Орда: бастаулар, тарих және мұра» т.б. өткізді.

2011 жылы 16 қыркүйекте Институт ұжымы Білім және ғылым министрлігі және Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетімен бірлесе отырып, Қазақстан тарихшыларының І Конгресін өткізді.

2013 жылы 5 маусымда Институт ұжымы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.М. Тәжиннің қатысуымен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысын өткізуге атсалысты.

2013 жылы 29 маусымда Институт қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстанның тарих ғылымын қалыптастыру үдерісіне жас ғалымдарды тарту мақсатында «Жас тарихшылардың Республикалық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі құрылды.


Мемлекет тарихы институты өміріндегі барлық жаңалықтар Институттың веб-сайты (www.history-state.kz) әлеуметтік желісінде көрініс тапқан.



© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика