Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Астана қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Халық тарих толқында

Х.М. Әбжанов


Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология

институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор


ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН ТАРИХ – ТАМЫРЛАС


Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің бір де болса бірегей нышаны – төл тарихтың бары мен жоғын бұрмалаусыз, боямасыз, тек ақиқат биігінен зерделеу. Мұндай талаптың тарихты түзуші ғылымға да, сұранысты туындатушы тәуелсіздік пен мемлекеттілікке де бірдей қатысы бар. Өткеннің тәжірибесі мен тағылымы қаншалықты әділ зерттелсе һәм насихатталса, тарихи санасы оң қалыптасқан халық бүгінгі үдерістің соншалықты белсенді әрі өскелең субъектісі бола алады екен. Демек, тарихи сананың кемелдігі болашаққа берілген кепілдік, ал әлжуаздығы ұлттық қауіпсіздікке төнген қатермен пара-пар.

Әлемдік және отандық тарихтың сабақтарын тереңнен толғаудың тамаша үлгісі – Елбасымыздың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы. Жолдаудағы үш тараудың алғашқы екеуі: «Қалыптасқан Қазақстан» және «ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатері», ондағы пайымдар мен тұжырымдар толығымен тарихқа сүйенгенін көреміз. Соңғы 15, 20, 60, 100, 150, 300 жылда орын алған өзгерістер мен қайшылықтарды алға тарта отырып, Президентіміз Қазақстанда шешілуге тиісті міндеттер парадигмасын талдайды. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыруда қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктелетінін былайша түйіндейді: «Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз».

Тарих тағылымы мен тәлімін замана талабына сай кәдеге жаратудың пәрменді үш тетігі бар: біріншісі – үдерісті заң күшімен, материалдық-қаржылай, кадрлық-ұйымдық шешіммен мемлекеттік реттеу; Екіншісі – ғалымдардың қарымымен кәсіби зерттеу; Үшіншісі – білім, өнер, БАҚ жүйесімен еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін қамтып, санасына, жүрегіне сіңіру.

Енді осылардың әрқайсысына кеңірек тоқтала кетелік, айтар ұсыныстарымыз да бар. 



© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика