2008 жылдан бастап Мемлекет тарихы институтында тоқсан сайын «Мемлекет тарихы. История государства» атты ғылыми журнал басылып шығып тұрады. Журналда Қазақстанның демократиялық мемлекет ретіндегі қалыптасуы проблемалары, президенттік институттың құрылуы, сондай-ақ саясаттағы ұқсастық, ұлттық құрылыс пен оның бірегейлік мәселелері, ұлттық сана мен Конституциялық реформалар зерттеледі, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы реформалар, саясаттану ғылымы мен қазіргі тарихтың теориялық-методологиялық проблемаларына ерекше назар аударылады.
Журналда «Қазіргі тарихтың теориялық-методологиялық проблемалары», «Тәуелсіздік және Конституция», «Мемлекет және қоғам», «Тарих және Тұлға», «Шетел тарихнамасы», «Жас ғалымдар мінбері» атты рубрикалар бар.
Қабылданатын мақалалар жарияланымы (басылымға алғаш рет ұсынылып отырған ) өзінің өзектілігімен, жаңашылдығымен ерекшеленуі тиіс.
Авторлардан материалдарды электрондық нұсқада MS Office 2007 форматында, Times New Roman 12 қарпімен басылуын сұраймыз, интервал – бір, шеті – 2 см.
Мақалаларды рәсімдеу келесі ғылыми стандартқа міндетті түрде сәйкес болуы керек:
көлемі 0,5 б.б. кем емес, (6-7 компьютерлік парақша);
бірінші парақтың үстінгі сол жағында УДК индексін көрсетіледі;
келесі жолда мақаланың атауы үлкен әріппен жазылады;
келесі жолдың оң жағында – автордың тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен қызметі, жұмыс орны;
аннотация мақала тілінде;
түйінді сөздер;
екі интервал арқылы мақаланың мәтіні орналасады
әдебиет тізімі, ГОСТ 7.1-2003 сәйкес рәсімделген;
түйіндеме қазақ тіліндегі мәтінге – орыс және ағылшын, орыс тіліндегі мәтінге – мемлекеттік және ағылшын тілдерінде берілуі керек (түйіндеме автор туралы қысқаша ақпараттан басталуы тиіс);
қосылмалар және сілтемелер нөмірленген дереккөздерге ескертілулеріне байланысты квадрат жақшаларда дәйексөздердің соңынан беріледі (мысалы: [1, 28 Б.]);
мақала мәтіні автормен мұқият тексеріліп редакциялануы тиіс;
Мақала автордың жұмыс орнынан кадр бөлімінің мөр және қол қоюмен растаған рецензиямен қоса берілуі тиіс; автор туралы келесі қысқаша мәліметтер қоса тіркеледі: тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен қызметі, жұмыс орны, қызметтік және үй телефондарының нөмірі. e-mail, мүмкіндігінше – факс.
Мақала жоғарыда аталған талаптарға сәйкес және рецензиясы болған кезде талқылауға қабылданады.
Мақаланың мазмұнына жауапкершілікті автор ( авторлар) өзі алады.
Журнал редакциясы қолжазбаны жариялау немесе қайтару құқығын өзіне қалтырады.
Ұйымдастыру комитетінің адресі: Астана қ., 010000, Орынбор көшесі, 8 үй, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 11 қабат, Мемлекет тарихы институты.
Байланыс телефоны: (+7172 ) 74-10-37, 74-12-85.
E-mail: tarih_institut@mail.ru
Редакциялық алқа