Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Астана қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Ғылым

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер! Сіздерді 2015 жылдың 13 наурыз күні көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің туғанына 100 жылдығына арналған «ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСКЕР ТҰЛҒА» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.
Өтетін орны: Астана қаласы, Достық көшесі, 11. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының конференц залы.
Өтетін уақыты: 10.00-18.00.
 Конференция мақсаты:
- Кеңестік кезеңдегі ұлт қайраткерлерінің еңбегін зерделеу мәселелері;
- Тәуелсіздікті нығайту, елдік, мемлекеттілік және жалпыұлттық тұтастықты сақтау идеясын насихаттау;
 - Ұлттық тарихтағы айтулы тұлғалардың өмірін өнеге ете отырып, жас ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизм бағытымен тәрбиелеуге жұмылдыру.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТАЛҚЫЛАНАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР:
1. XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанға қатысты кеңестік саясат және оның мәселелері.
2. Жұмабек Тәшенев - кеңестік дәуірдегі қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері.
3. Ел тұтастығын қорғаудағы тұлға ерлігі ұрпаққа өнеге.
4. Азаматтың жарқын бейнесі мен есімі халық жадында.
Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс.
Конференция қорытындысы бойынша мақалалар жинағын басып шығару жоспарлануда. Байланыс ақпараттары:
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 14-ші кіреберіс, 11-ші қабат, № 1111-ші кабинет.
Телефон: +7 (7172) 74-10-20, 74-12-58, 74-01-68
E-mail: Kaliev_zhabai@mail.ru; kanat-02-79@mail.ru
Конференцияға қатысу туралы өтініш 2015 жылдың 27 ақпанынан кешіктірілмей жолдануы тиіс
Конференцияның мақалалар жинағына материалдар 2015 жылдың 13 наурызына дейін жолдануы тиіс
Конференцияға қатысу туралы өтініш пен баяндамалар көрсетілген электронды поштаға жолданады

© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика