Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Тәу етер, Тәуелсіздік – ұлықталды!

Тәу етер, Тәуелсіздік – ұлықталды! 28.12.2021

Тәу етер, Тәуелсіздік – ұлықталды!

Жұдырықтай жұмылған, бірлесе ұмтылған Қазақстандық жол жасампаздығының 30 жылдығы аясында, 2021 жылдың 28 желтоқсаны күні ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институты мен ҚР Ұлттық архивінің бірлескен «ТӘУЕЛСІЗДІК - ТІРЕГІМ» атты ғылыми шарасы өткізілді. 

Ғылыми шара барысында «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыру Стратегиясы: әлеует және әлеумет. /Стратегия модернизации социально-экономического развития Казахстана: потенциал и социум/» монографиясының (авторы - Еримбетова Құндызай Мырзашқызы, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к.) тұсау кесер рәсімі өткізілді. Кітапта адамзат құндылықтары аясындағы қазақстандық ұстанымдар, Елбасының тарихи бастамалары аясында қазақстандық жаңғыртудың Стратегиялық жүйесін қалыптастыру, оны іске асыру барысындағы елдің әлеуметтік-экономикалық, демографиялық дамуының негізінің қалануы, мемлекеттілікті орнықтыруда «Қазақстандық жолдың» қиыншылықтары мен мүмкіндіктері, санақаралық этнодемографиялық ахуал, этносаралық үйлесімділік пен келісім негіздері, әлемге танымал беделге жетудің негізгі қағидаттары қарастырылған. Даму басымдылықтары, ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру, тұрғындардың сапалық әлеуетін орнықтырудағы жаңа тарихи кезеңнің нақты міндеттеріне қатысты Мемлекет басшыларының ұстанымдары мен халықтық мүдде тұрғысындағы пайымдар жасалған. Қазақстанның басты мұраты - денсаулығы мықты салауатты, интеллектуалды ұлт қалыптастыру болғандықтан,осы мақсаттағы нақты іс-қимылдағы жауапкершіліктің рөлі айқындалады.

Ғылыми дөңгелек үстел жұмысын Мемлекет тарихы институтының директор орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қашқымбаев Аманкелді Нүркейұлы жүргізді. Іс-шараға қатысқан ғалымдар мен құрметті қонақтар Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, ҚР-ның алғашқы Сыртқы істер министрі, дипломат, Қазақстан Республикасының бірнеше елдердегі Төтенше және Өкілетті Елшісі - Сүлейменов Төлеутай Сқақұлы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, «Құрмет» орденінің иегері, қазақстандық суретші-архитектор, Өзбекстанның еңбек сіңірген архитекторы - Мәлібеков Жандарбек Мәлібекұлы, Мемлекет тарихы институтының директор орынбасары, т.ғ.д. профессор – Аяған Бүркітбай Ғелманұлы, Қоғам қайраткері, саясаттану ғылымының докторы – Қуанышев Жапсарбай Ілиясұлы, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімі басшысының орынбасары – Арзықұлов Алмас Әжкенұлы және басқа да ғалымдар тәуелсіздік жылдары күрделі міндеттердің шешілгенін, тағдыр сынынан өткен төл тарихымыздың «ақтаңдақ» беттері ашылып, бүгінгі жас ұрпаққа даңғыл қол ашылғаны жөніндегі қол жеткізілген нақты жетістіктер сырын айшықтады, кітаптың тұсау кесер рәсіміне қатысып жүрекжарды тілектерін білдірді.


Ғылыми шараны мазмұнды баяндамалар легі толықтырды: Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихының белестері (проф. Б.Ғ. Аяған), Мемлекеттің сыртқы саясаты, атқарылған істер, тарихи маңызы (т.ғ.д. Ғ.М. Қарасаев), Қазақстан дамуының жаңғыру қырлары (с.ғ.д. Калиева М.Ш.), Тәуелсіздікті орнықтыру жолы (п.ғ.к. Дүйсен С.Ж.), елдің этнодемографиялық дамуы (т.ғ.к. Енсенов Қ.Ә.), сол сияқты Әдиет Қайыркен Балтағұлұлы, Калиев Жабай Нұрмақұлы, Ыдырысов Бауыржан, Серік Сейтман егеменді елдің түрлі даму сатысына және қатысты ойлары жөнінде көзқарастарымен бөлісті.

Ғылыми шараға қатысушылар ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтырудағы зиялы қауымның жаңа кезеңдегі рөлі зор екендігін негіздеді.


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Әбiл Еркiн Аманжолұлы


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика