Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Бейбітшілік көшесі 4

 

Саяси қуғын-сүргін материалдарын жариялау

Саяси қуғын-сүргін материалдарын жариялау 05.04.2022

Саяси қуғын-сүргін материалдарын жариялау

2022 жылдың 22 сәуірінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесі, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институты мен ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірлесе отырып, «Саяси қуғын-сүргін материалдарын жариялау және ғылыми айналымға енгізу: халықаралық және отандық тәжірибе» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. 

Конференция «ҚР БҒМ Ғылыми комтетінің қаржылай қолдауымен «Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін және ақтау үдерістері: бірыңғай мәліметтер базасын құру» OR11465470 ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында өткізіледі.

2020 жылдың 24 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан кейін – Комиссия) құрылды. Комиссияның негізгі міндеті тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық саяси ақтау бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Аталған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жаңа отандық және шетелдік мұрағат деректерін анықтау, жинақтау және талдау; құпия қорлардың бетін ашу; оларды ғылыми айналымға енгізу; Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірыңғай мәліметтер базасын құру жұмыстары жүргізілуде.

Конференцияның мақсаты – құпия құжаттарды жариялау жолының халықаралық және отандық тәжірибесін талдау және Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін тақырыбына қатысты мұрағат материалдарын ғылыми айналымға енгізу. Конференцияда Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және ақтау үдерістерін зерттеуге қатысты ауқымды мәселелерді талқылау ұсынылады.

Конференция жұмысы келесідей бағыттар бойынша өтетін болады:
- Қазақстандағы ХХ ғ. 20-50 жж. саяси қуғын-сүргін тақырыбын зерттеу бойынша ғалымдардың шетелдік және отандық мұрағаттарда жұмыс істеу тәжірибесін талдау мен тұжырымдау;
- Саяси қуғын-сүргін тақырыбына қатысты жабық жатқан мұрағаттарды ашудың отандық және шетелдік тәжірибесі, ондағы құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйымдардың рөлі;
- Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тақырыбындағы мұрағат құжаттарын қолдану, қорыту және ғылыми айналымға енгізу мәселелері;
- Зерттеуші ғалымдардың мақала жариялау белсенділігі: мұрағат құжаттарын пайдалану еркіндігі мен шегі.


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Әбiл Еркiн Аманжолұлы


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика