Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Бейбітшілік көшесі 4

 

Сарапшылар әлеуметтану призмасындағы Қазақстанның тарихи ғылымын талқылады

Сарапшылар әлеуметтану призмасындағы Қазақстанның тарихи ғылымын талқылады 07.10.2022

Сарапшылар әлеуметтану призмасындағы Қазақстанның тарихи ғылымын талқылады

2022 жылғы 7 қазанда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекет тарихы институтының конференц-залында «Әлеуметтану призмасындағы Қазақстанның тарихи ғылымы (2022 жылғы тарихшы сарапшылардың сауалнамаларының нәтижелері» тақырыбында ғылыми семинар өтті. 

Семинар ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтының ұжымы мен ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлесіп «Қазақстандағы қазіргі заманғы тарих ғылымын қалыптастырудың ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу» №OR11465459 БМҚ жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар «Қазақстанның тарих ғылымының көрнекті өкілдерін ауқымды әлеуметтік сауалнамалар және сұхбат әдістерімен тарих ғылымының әлеуметтануын зерттеу» атты жұмыс тобының қызметкерлері болды. Семинарды өткізу форматы – онлайн және офлайн (ZOOM) режимде болды.
Семинарға ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтының қызметкерлері, жас ғалымдар, еркін зерттеушілер, ғылыми дәрежеге үміткерлер қатысты.

Іс-шараның модераторы Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары педагогика ғылымдарының кандидаты Ж.Н. Қалиев семинарға қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Одан кейін Мемлекет тарихы институтының бөлім басшысы тарих ғылымдарының докторы Ғ.М. Қарасаев сөз сөйлеп, қатысушыларға атқарылған жұмыстардың сәтті, нәтижелі болуына тілегін білдірді.

Жүргізіліп жатқан әлеуметтік зерттеудлің әртүрлі аспектілері бойынша тоқталып, Мемлекет тарихы институтының қызметкерлері: бөлім басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Н.С. Лапин, жғқ, саяси ғылымдарының кандидаты Б.Р. Шериязданов, ағқ PhD Қ.Ғ. Ақанов, ғқ гуманитарлық ғылымдар магистрі Д.А. Жұмағалиев, кғқ, гуманитарлық ғылымдар магистрі З.Қ. Арынова баяндамалар оқыды. Жұмыс тобының қызметкерлері 2 жылдық (2021-2022 жж.) жұмысының нәтижелеріне қорытынды жасады.

Іс-шара соңында жүргізілген әлеуметтік сауалнамалардың маңызды нәтижелері талқыланды. Семинарда талқылауға қатысушылар: жғқ, саяси ғылымдарының докторы, доцент М.Ш. Қалиева, бғқ, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Н. Қашқымбаев, педагог-зерттеуші, жоғары санатты Қазақстан тарихы мұғалімі Ж.А. Қалиева, жғқ, тарих ғылымдарының кандидаты С.А. Бағдатова жұмыс тобының қызметкерлеріне өз ұсыныстары мен тілектерін айтты. Семинар сәтті өтті, ал оның нәтижелері Жаңа Қазақстанның тарих ғылымының дамуы бойынша одан әрі зерттеулерге септігін тигізері анық.










Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Әбiл Еркiн Аманжолұлы


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика