Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Бейбітшілік көшесі 4

 

Халық тарих толқында

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

1122.jpg

Қазіргі оқырман Сәкен Сейфуллинді негізінен не ақын, не «Тар жол, тайғақ кешу» авторы ретінде біледі.

Ал ең қызығы, ұлы Сәкен Қазақстан тарихнамасына да зор үлес қосқан азамат еді. Осы айтуымыздың дәлелі, 1931 жылы 8-наурызында Сәкен Сейфулиннің Алматы қаласында шыққан «Қазақ әдебиеті» атты монографиясы.

Өкінішке орай, Қазақстанның рухани-саяси ахуалы ХХ ғасырдың 30-жылдарында өте қиын жағдайда болатын. Бітпейтін саяси науқан, «жау іздеу», т.б. шым-шытырық жағдай аяғында Сәкеннің 1937 жылы ұсталып, атылуына әкеліп соққаны баршаға аян. Ұлы қайраткердің еңбегі, есімі өшті, аты айтылмайтын болды. Тек 60-жылдардағы жылудан кейін ғана Сәкен ақталып, еңбектері қайта шыға бастады. Сонымен 1964 жылы Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин шығармалары қайтадан жарыққа шықты. Осы шығармалардың 6-шы томын құрастырып, соңғы сөзін жазған Тұрсынбек Кәкішев ағамыз, ал кіріспесін Сәбит Мұқанов жазған екен.

Сәкен Сейфуллин монографиясы өте терең, мағлұматқа бай, тарихи деректері мен қорытындылары ғылыми түрде жазылған. Автор қазақ тарихына қатысты этнографиялық сюжеттер, көне және ортағасырлық жыр мен ауыз әдебиетін кеңінен пайдаланған. Бірақ неге екені белгісіз ұлы ағамыздың бұл еңбегі ұмытылған. Себебі не студент кезімізде, не кейінгі кезде бұл еңбек сонша айтылмайтын. Бәлкім көп ұрланғандықтан болуы мүмкін.

Дана халқымызда «Алтын жер астында жатпайды» деген мақал бар. Біз бүгін оқырмандарға Ұлы Сәкеннің осы еңбегінен үзінділерін беріп отырмыз. Ең тамашасы, Ұлы Сәкен «қазақ» этнонимінің шығу тарихын, тарауын өте нанымды әрі дәлелді көрсеткен. Кезінде «қазақ» деп атанған тайпалар Қырым мен Қап тауы, қазіргі орыс, украин жерін XVI ғасырға дейін жайлағанын айтып кеткен еді. Кітап қайталап айтайын 1931 жылы шыққан.

Біз берілген мәтінді өзгертпей, орфографиясын сақтап беріп отырмыз.

 

Ізгі ниетпен, профессор Бүркітбай Аяған

http://anatili.kz/?p=17102

// Ана тілі. – 2013. - №47 (1201). - 28 қараша - 4 желтоқсан.




© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика