Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Бейбітшілік көшесі 4

 

Халықаралық қатынастар


ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының

халықаралық ынтымақтастығы

 

Халықаралық байланыстарды орнату негізінде, әлемдік ғылыми кеңістікке ықпалдасу Институт жұмысында маңызды орын алады.

Институт өзінің құрылған мезетінен бастап тарих ғылымында интеграциялық үдерістерді айқындау және талдау негізінде белсенді жұмыс жүргізді. Интеграциялық жобаға енген еуразиялық дискурстың саяси, экономикалық, мәдени-өркениеттік зор әлеуеті бар. Осы бағытта Институт жұмысының тиімді әрі маңызды шарты интеграциялық өлшемді мәдени-тарихи қайта жаңғырту болып табылады. Жаңа интеграциялық үдерістердің мәнін түсіну МТИ ғалымдарының халықаралық ынтымақтастықты жүргізу айқын бақыланады. Институт жаңа интеграциялық жобаны іске асыру үшін, тарихи құндылық болып табылатын мәдениеттің өзара сіңісуіне заманауи шындықты ескеріп, жаңа тәсілдер мен түсінікті пайдаланды. Осыған байланысты Институт ашылған кезеңнен бері ғылыми орталықтар және тарихи бағыттағы институттармен халықаралық ынтымақтастық туралы бірнеше келісім шарттарға қол қойылды.  

2010 жылғы 28 мамырда ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты мен Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті (Ресей Федерациясы) арасында ғылыми ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Жасалған келісім шеңберінде, 20 жұлдызды күн, ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған теориялық-методологиялық семинар ұйымдастырылды (2011 ж. қараша). Қазақстан Халқы Ассамблеясының делегациясы құрамындағы Институт директоры Б.Ғ. Аяғанмен МГУ және РМГУ-нің  оқытушылар құрамы және студенттері арасында кездесу өткізілді (2011 ж. қазан).

2013 жылғы 8-12 шілде аралығында Институттың аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Н.С. Лапин Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, Домодедов қаласында өткен «Россия и государства Центральной Азии: современное состояние отношений и перспективы сотрудничества» атты семинарға қатысып, 2013 жылғы 11 наурызда Славян зерттеулері Хоккайдо Университеті (Жапония, Саппоро) орталығының қызметкері, PhD докторы, профессор Кимитаки Мацузатоның «Передвижение периферии на восток и Оренбургское генерал-губернаторство» атты кезекті лекциясын тыңдады.    

2011 жылы Қырғызстан Республикасы Сыртқы істер министрлі Дипломатиялық академиясының атынан ректор, философия ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдарының докторы Ж.С. Сааданбеков пен Институт арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Мемлекет тарихы институтының қызметкерлері Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Кеңес спикері, қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайнидин Құрмановпен кездесті (28.09.2011). Келісім шеңберінде  ғылыми мәліметтермен, құжаттамалармен, әдебиеттік және библиографиялық басылымдармен алмасу; семинарлар, конференциялар, жұмыс бабымен кездесулер өткізу сынды біріккен ғылыми-зерттеу бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылады.

2012 жылы Түркия Республикасы Едитипе университетінің атынан профессор Нуркан Бачамен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.  

Институттың ғылыми қызметкерлері Мимар Синан университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Абдулвахаб Қарамен «Отан тарихын оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында пікірталас өткізді (09.02.2012). Сонымен қатар, Ахмет-Заки Валиди Тоғанның туғанына 120 жыл толуына байланысты «Ислам өркениетінің дамуы» атты Халықаралық конференциясына қатысты» (2010 ж.).

2012 жылы Украинаның Ұлттық ғылым академиясы Украина тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик В.А. Смолиймен ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Бірінші Халықаралық Шевченко оқулары аясында «Восточная диаспора в контексте современных культурно-исторических и общественно-политических процессов на постсоветском пространстве» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді (Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ, 16-17 наурыз 2012 ж.).

Халықаралық келісім негізінде Институттың ғылыми қызметкері Табыс Ерзат ҚХР Цинхуа университетіне «Педагогика» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, тәлім алуда. 2009-2011 жылдары аралығында Қазақстан мен Румыния арасындағы халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде ғылыми қызметкер Т.Е. Қанапиянов (Румыния) Бухарест университетінің «Салыстырмалы политология» мамандығы бойынша магистратурасын тәмәмдады.

«Халықаралық бағдарлама орталығы» АҚ-ның Президенті Н. Саясаттың қатысуымен семинар өткізіліп, отырыстың соңында Орталықпен келісімге қол қойылды (05.09.2012). 2013 жылдың қорытындысы бойынша  Институттың 4 ғылыми қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын иелену байқауына қатысса, 3 қызметкер «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Олар: Амстердам мұрағатында - Б.Ғ. Аяған (Нидерланды); Кембридж университетінде - М.Л. Анафинова (Ұлыбритания); Ресей мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы Академиясында - Д. Аманжолов (Ресей Федерациясы).   

Ғылыми байланыстардың кеңейтілуіне байланысты 2013 жылғы 18 сәуірде Нидерленды ғалымдарымен, профессор Турадж Атабакимен (Нидерланды, Лейдена университеті, Орта Азия және Таяу шығыс әлеумет тарихы халықаралық Бюросы,) және Назарбаев университетінің профессоры Стивен Уиткрофтпен Институт ғалымдары кездесті.

Ұлыбританиядағы ғылыми тағылымдаманың қорытындысы бойынша 2013 жылы ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты мен Халл университетінің Тарих факультеті арасында екі жақты ынтымақтастық келісім жасалды.

 «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ мен келісім шартқа қол қою нәтижесінде «Web of Knowledge, Thomson Reuters и Springer» веб-сайттарына қол жетімді келісім шарт жасалып, Ұлттық лицензия шеңберінде көптеген электронды ғылыми-зерттеу платформаларында тегін негізде пайдалануға мүмкіндіктер туды.

Сайттан алынған барлық мәліметтер Мемлекет тарихы институтының ғылыми жобаларында ойдағыдай қолданылуда. Ынтымақтастықтың нәтижесінде Институт ғалымдары коэффициенті жоғары Импакт-факторлы журнал беттерінде ғылыми мақалаларын жариялауды іске асыруда.

2012 жылы «1932-1933 жылдардағы ашаршылық ақиқаты. Правда о голоде 1932-1933 годов» жобасы аясында Марта Брилл Олкотт, Назарбаев Университетінің профессоры Даниэль Росс, Беатриче Пенати, Алексей Трошев, Карес Шенк, австралиялық белгілі ғалым, профессор Стивен Уиткрофт сынды әйгілі ғалымдардың қатысуымен семинарлар мен кездесулер ұйымдастырылды. С. Уиткрофт Институт ғалымдары дайындаған «1932-1933 жылдардағы ашаршылық ақиқаты. Правда о голоде 1932-1933 годов» атты кітабына алғысөз жазды.  

2012 жылы 12 сәуірде Қазақстандағы ашаршылықтың 80 жылдығына арналған «Террор и голод в СССР в 1930-х годах» атты Халықаралық «дөңгелек үстел» өтті. Институттың ғылыми қызметкерлері Назарбаев Университеті қабырғасында ұйымдастырылып өткен «Новые подходы в понимании масштаба и воздействия «Террора» и Голода в СССР в 1930-х годах» атты семинар жұмысына қатысты (02.04.2012).

2013 жылғы 18 қазан айында Институт ғалымдары үшін Назарбаев Университетінде өткен «Казақ ашаршылығы және салыстырмалы талдау» атты Халықаралық конференциясына қатысу жаппай қырылу мәселесі бойынша халықаралық зерттеу жұмыстарының жалғасы болып табылды. 

2012 жылғы 2 маусымда Мемлекет тарихы институтында шетелдік ғалымдарының қатысуымен «Новое в методологии исторических исследований» атты семинар өткізілді. Олар: Стивен Уиткрофт (Австралия), Сара Камерон (АҚШ), Роберт Киндлер (Германия), Изабель Огайон (Франция), Елена Тюрина (Ресей), Кахрамон Ражабов (Өзбекстан), Абдежемил Абдулхаиров (Украина, Крым), Зайнидин Курманов (Қырғызстан), Мурат Суюнбаев (Қырғызстан), Ксавьер Аллез (Франция).

Институт ғалымдары қазіргі кезеңдегі Қазақстанның дамуы сұрақтары бойынша халықаралық отырыстарға ғылыми сарапшы ретінде қатысады. Дәлірек айтқанда 2013 жылы 8 қазанда Астана қаласында әйгілі халықаралық зерттеуші, профессор Бавна Давемен «Миграционные процессы в Центральной Азии: мифы и реальность» атты кездесу өтті, оған Институттың Еуразиялық және салыстырмалы саяси зерттеулер бөлімі қатысты.

Институт ғалымдары, қызметкерлері үшін Қазақстан территориясындағы консулдар және елшілермен, халықаралық ведомстволармен кездесу дәстүрге айналған.

Дәлірек айтсақ, 2013 жылы 16 қазанда Мемлекет тарихы институтында Қазақстан Республикасындағы Украина Елшілігінің кеңесшісі П.В Токармен;  Қазақстан Республикасындағы Швеция Патшалығының Төтенше және Өкілетті Елшісі Манно Вэнгборгпен кездесу өтті. 





© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика