БІЗ ОСЫ КІМБІЗ?
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ - 550 ЖЫЛДЫҒЫНА
С.Тлеубаев, Ұлытау Ауданының Құрметті Азаматы,
ҚР мәдениет қайраткері.
Қазақта тарихыңды білмесең келешегіңді болжай алмайсың деген нақыл сөз бар. Сондықтан тарихты, шыққан тегімізден қуған дұрыс болар.
Академик, ғалым - антрополог Оразақ Смағұловтың айтуы бойынша, біздің дәуірімізге дейін екі мың жыл бұрын Қазақстан аумағында Каспий теңізі мен Қара теңіз далаларын қоса бүгінгі қазақтың рулары мен тайпаларының ата тектері өмір сүрген дейді. Тарихтың атасы Геродоттың айтуынша жер бетін түгел бағындырмақ болған Кир патшасы теңізден өтіп, далаға Скиф тауларын (Ұлытау) бетке алып жол тартқанда сол кезде осы сары даланы мекен еткен Скифтердің ер жүрек батыр қызы Тамирис (Тұмар қыз) кошпенділердің қалың қолын бастап Қирдің құмырсқадай қалың қолмен шайқасқа түсіп, Кирдің басын алды деген. Ал Скиф көшпенділері деген атпен Ұлытаудың етегіндегі қазақтың сонау түп тамырына тура тартар тіке жол. Скиф көшпенділері X- 11ғ Б.Э.Д мал шаруашылығымен қоса сол кездің өзінде ақ мыс қортуды үйреніп тарихта тұнғыш металлургияны меңгергенін сол Геродоттың жазбаларында ашық та айқын айтылған. Бұған қоса дүниеде тектің ДНК арқылы анықтау мәселесі кәзір қолға алынып жатқан кезде осыдан 5 жыл бұран Жапондақтар біз Қазақпен қандаспыз десе, өткен жылы Америкада дүние жүзілік медиктер форумында Американың бұрынғы тұрғылықты халқы да Қазақпен қандас деп ашып айтты. Тіптен кеше (12-ші сәуірде) Қазақтың белгілі археологы Арман Умарходжиев Будда - Сақ тайпасынан шаққан, оны ДНК арқылы дәлелдедік деп дүниеге жар салды.
Ақселеу Сейдімбековтың шежіресі бойынша (Балталы Бағаналы ел аман бол.)
Сақ (Скиф) дәулеті Б.Э.Д. Х-11 ғасырлар аралығында өмір сүрген мекені Орта Азиямен Қазақстан, Шығыс Түркістан өңірі. Алып ер Тұңға (Афрасияп) діндері - тәңірлік.
Ғұн - ұлысы Б.Э.Д. 204 жылдан - біздің эрамыздың 211 жылдарына дейін өмір сүрген.
Басшысы Меде (Боғда) батыр. Діндері тәңірлік. Мекені Орта Азия ішінде Қазақ даласы.
Махмут Қашқари – «Түркі тілдерінің сөздігі». 24 - тайпа ел. 24 - баулы ел - Ұлы Қытай қорғанын тұрғыздырғандар.
Түркі қағанаты - 552 - 744 жыл. Ғұндардың жұртындағы шашыраған елдің басын қосқан. Қүлтегін.
Шығысында қытай қорғаны, батысында Дербент (темір қақапа). 30 - ға тарта ұлт бір бірін түсініскен «Басы барды - идірдік, тізесі барды бүктірдік» деді.
Ұйғыр қағанаты - исі түркіге кіндік жұрт болған. Селенгі, Орхон, Толы өзендерінін бойында тұрған Орда - Балық (Харбалғас) Астанасы. 745 - 840 жылдары болған.
Қырғыз қағанаты - IX ғғ.
Найман хандығы - XI – ХII ғ.
Манғолдар билігі - XII – ХIII ғ.
Қарахан қағанаты - Ғұн заманынан Қаңлы тайпасы қара шаңырақ болған, Қорлық, Шігіл, Яғма, Түрген тайпалар. 840 - 1212-ші жылдары.
«Алтын орда» - Жошы ұлысы. Евразияның Ұлы даласы. ХIII ғасыр. Мекені шығысы Балқаш көлі мен Ертіс өзен батысы Қара теңіз, Дунай өзені. Шығыс Түркістан, Жеті су, Сырдария, Талас, Шу өңірлері. Ордакент (Қашғар), Тараз, Үзгін, Баласуғын, Мерке, Құлан қалалары.
Осыған қарағанда, тарихтың қай сатысын алмайық, қазақ рулары Скифтерді, Сақтарды, Ғұндарды, Қыпшақтарды, Түріктерді, Моңғолдардың бірліктерін шығарып, ал олар әр кезендерде жойылғаны мен, тұрақты орындарында қалып отырған. Осы теорияны ары қарай ғылым докторы Қ.Зәкіриянов толықтыра түседі. Ол қазақ рулары 4 мың жылдан әрі пайда болып біздің дәуіріміздегі
Түркі қағанаты - 552 - 744 жыл. Ғұндардың жұртындағы шашыраған елдің басын қосқан.
Ұйғыр қағанаты - 745 - 840 жылдары.
Қырғыз қағанаты - IX ғғ.
Найман хандығы - XI - XII ғғ.
Манғолдар билігі - XII - ХIII ғғ.
Қарахан қағанаты - 840 - 1212-ші жылдары.
«Алтын орда» - Жошы ұлысы - қазақ руларының басшылығымен жүзеге асқанын дәлелдейді.
Енді осы салт - дәстүр туралы академик, археолог Ә. Марғұлан 1960 жылдары Ұлытаудағы Айбас батыр моласын қазып ашқанда батырдың моласының түбінде от жаққанын, айналасына оның қызметкерлерімен әйеліне дейін бірге жерлегенін және табыттың ішінде көп алтын бұйымдар мен заттар болғанын айтқан және мүрде біздің дәуірімізге дейінгі заманда жерленгенін көрсеткен.
Осыған қарағанда Зратустра бұл мәйіттен кейін Ұлытаудың тауының басында Алладан осы өңірде тұратын халықтың салт дәстүрін өзгерту туралы тапсырма алған деген ой туады ғой.
Дүниені топан су басқанда жер бетінде үш таудың басына су шықпағаның, соның бірі Ұлытау екенін, басқа екі тау өте биік үшар басында қар - мұз жатуына байланысты адам баласы шыға алмайтындықтан, Ұлытаудың басында ғана адам қалғандығын, сондықтан да Алла тағала Зратустраға тапсырыс бергені дәлел емес пе?!
Тарихта қандай өтпелі кезең болғанда да қазақ халқының тағдыры Ұлытауға соқпай өтпейді. Солардың анықтары ретінде ақындардың:
«Ұлытаудан өткен талай ұлылар,
Әр тасында ұлы тарих ізі бар» - деп айтуына сәйкес қарасақ, әр ғасырдан тау басындағы Зратрустра тұрған үңгірден, Ақмешіт әулиеден бастап барлық жер, су тастарына дейін тарих куәсі екенін түсінгеніміз жөн.
Зыңғыртау, Алаша хан, Жошы хан, Домбауыл бастаған бірнеше тарихи кесенелер, Ордабазар, Басқамыр, Аяққамыр бастаған қалалармен, Таңбалы тас, Жібек жолы, тіпті біздің дәуірімізге дейін мыс балқытқан, темір қортқан пештері бар 700-ге тарта тарихи орындар әр заманнан қазақ тарихынан сыр шертеді.
1218 жылы Шыңғыс хан Домбауыл ақылшысының (біздің арғы аталарымыз Кетбұқа мен Келбұқаның әкесі - шежіре бойынша) айтуымен үлкен ұлы Жошыны бүкіл қазақтың үш жүзінің жүз руынын басын қосып хан етіп тағайындап, содан кейін 1225 жылы Ұлы Құрылтай өткізіп, Орадабазары қаласында Алтын Орданың Ханы етіп Жошыны сайлауы тарихта жазулы қалған.
Орта ғасырдағы Ұлттық дараланулар этностенудің (этнизатсия) шыңдалуы жалпы адамзаттың дамуы мен байланысты болғандықтан, бұл процесс қазақ халқының ел болып іргесін айырып, Ұлт болып шаңырақ көтеруіне тікелей әсер етті. XV ғасырдан жеткен «Түркі шежіресі» («Шаджарат ал - атыраг») атты еңбекте Шыңғыс ханның қазақ тілінде еркін сөйлеп, ойын өлеңмен жеткізе алатыны айтылады. Шыңғыс хан қазаққа әрі жиен, әрі күйеу болса, дүниеге Жошы, Шағатай, Үгідей, Толе сияқты төрт ұл келтірген бәйбішесі Борте ханның Қоңыраттың қызы болса Шыңғыс ханның әулеті қазақ даласына үстемдік құрғаннан кейін бірер ұрпақ алмаспай жатып ақ жергілікті халықтың тілі мен дініне бой ұсынып үлгеріп, осы Шыңғыс хан әулетінен тараған төрелер қазақ халқының тәуелсіздігі үшін, басқаны былай қойғанда, маңғол - қалмақтармен соғысып, сол жолда қанын төгіп, жанын берді.
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының кіндігінен Орда - Ежен, Бату, Тоқай - Темір, Төлен, Шайбани атты бес ұл туған. Осылардың Тоқай - Темірінен Өзтемір одан - Қожа, одан - Бадақұлан, одан Орыс хан, одан Қүйыршық хан одан Барақ хан туады. Міне осы барақ хан Ордасы Ұлытаудың Барақ көлінің басында тұрғанда Қазақ елін болу туралы немерелері Жәнібек пен Керейге ой тастайды.
Сарыарқа деп аталатын Дешті Қыпшақ жерінің дәл ортасында, Ұлытаудың күнгей жағында, Қаракеңгір өзенінің сол жақ жағасында Әбілқайыр ханның Ордасы - Орда базар қаласы тұр. (І.Есенберлин «Көшпенділер» тарихи трелогия. 1976 ж.).
Осы Орда базарында Әбілқайыр ел арасына іріткі салу мақсатымен аңғал Қобыланды батырға орта жүздің білікті, беделді жас биі Ақжолды өлтіртеді.
Ол кезде Ақжол би Қазақтың көне мәдениетінің кіндігі болған қарт Арғаната тауларының бөктеріндегі бір кезде Барақ хан Ордасы тұрған Барақкөл маңына саяхатқа шыққан болатын.
Бұл іс ел наразылығын туғызады. Осы кезеңде ел қамын ойластырған екі сұлтан Керей мен Жәнебек осындай ала сапыранда батыл қимылдап, Әбілқайыр ханмен ат қүйрығын кесісіп, Шудың Солтүстік қапталындағы Қозыбас деген жерге Орда тігеді.
Бүл 1459-ші жылдың маңайы болатын. Құрамында біраз қазақ рулары бар 300 мыңдай үймен көшіп бөлінгендіктен, елдің еңсе көтерсек деген ынтасын оятады.
Жошы ұрпағы Бодықтан туған Орысханның жеті ұлының бірінші ұлы Тоқты - Қиядан - Болат, Болаттан - Керей туса, төртінші ұлы Құйыршықтан
- Барақ хан, Барақ ханнан - Жәнібек туған.
Сөйтіп Жәнібек пен Керей бір атадан шөбере туыс болады. Енді осы екеуі Оңтүстіктегі - Моғолыстан ханы Исан - Бұғаға барып, елді орналастыру жайлы келісіп, Қазақ руларына бүкіл Шу, Сарысу, Талас, Бадам өзендерінің бойы мен Қозыбас, Қаратаудың Моғолыстанға қарайтын, Теріскей жағын тегіс қонысқа алады. Керей мен Жәнібек Елмен ақылдасып жаз жайлау етіп Қара Кеңгір, Сары Кеңгір өзендерінен бастап Ұлытау, Арғанаты тауларының бойын қуалай, ортадағы Шойындыкөл, Ақкөл, Барақ көлді ала отырып сонау Есіл, Нұра өзендеріне дейін көшпек болады. (І.Есенберлин «Көшпенділер» 200-ші бет.)
Бөлінгендеріне 3-4 жыл болып қалғандықтан жаз жайлауға шыққанда Ежелгі Қазақтардың Ұлытау төңірегіне жиналатын мезгілінде көк шалғынның үстінде ақ кигізге салып «Хан Ордасында» Керейді үлкені болғандықтан ел болып хан сайлайды.
Тағы да үш жыл өткенде 1465-ші жылы Керей қайтыс болып, Жәнібекті жаз жайлауда Ұлытауда «Хан Ордасында» хан көтереді. Хан етіп көтергенде Қазақ руларының бастары бірігіп Шу, Талас, Сарысу, бүкіл Көкше теңіз бойын, Дешті Қыпшақтың солтүстігіндегі Есіл, Нұра, Тобыл өзендеріне дейін тегіс алып болған еді (І.Есенберлин. «Көшпенділер, Алмас қылыш» 201-ші бет.).
Ол кзде Алтын Орданың сынықтары сияқты Ақ Орда, Көк Орда, Сары Орда (Сырлы орда) атанған хандықтардың бәрінде де осы күнге Қазақ халқының құрамындағы ру тайпалар болды деп жазады Ақселеу Сейдімбеков шежіре кітабында.
1468-ші жылы Жәнібек хан Сығанақ пен Созақты алып, Дешті Қыпшақ Ордасын Сығанаққа көшіреді. Жәнібек хан осы Сығанақта болған соғыста қаза болады.
1472-ші жылы Қасым хан - хан болады.
Қасымнан кейін онын баласы Хақназар хан болып Қазақ елінде хандық дәстүр жалғаса береді.
Қазақ тарихындағы Ең бір елеулі де дара түлғаларының бірі де бірегейі: Абылайдың хан болу еді. Абылайдың хан тағына отыру рәсімі де бабалар дәстүрімен Ұлытаудың етегіндегі «Хан Ордасында» өткен.
Абылайда ақ кигізге көтеріп, «Үш жүздің ханы» деп таныған кез Жоңғарлармен Қазақ елінің жан алысып — жан берісіп жатқан соғысы кезінде болып, Ұлы жеңіспен Қазақ елінің бірлігі мен ел болып танылуы мен, Абылай ханның Қазақ елін айналасындағы мемлекеттермен бітімге келтіріп, Дүниеге танытумен аяқталғанын жақсы білеміз ғой.
Бұл таққа отырғызу рәсімі қазақтың соңғы ханы Кенесарыға 1841-ші жылы - Ұлытауда «Хан Ордасында» жасалғанын көп адам біле бермейді.
Ең соңғы ақ кигізге көтеріп, таққа отырғызу рәсімі 1993-ші жылы Ел басымыз, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевты Ұлытауда «Хан ордасында» «Алаштың ханы» етіп Ұлықтауы болатын.
Сол 1993-ші жылдан бері Қазақ Елінің әлеуметтік, мәдени - эканомикалық салалары көз ілеспес жылдамдықпен жедел дамып, Мемлекетіміз Әлемге танылып, Ел басымыз Дүниедегі алпауыт елдердің басшылармен теңдескенді қойып, ақыл айтатын дәрежеге жеткеніне осы «Алаштың ханы» болуы рәсімінің де әсері болса керек деп ұққанымыз жөн болар!