Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Бейбітшілік көшесі 4

 

Жариаланымдары

«ҚАЗАҚСТАН-2050»: МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ - ҚОҒАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ»


Мемлекет тарихы институты

Жұмағалиев Д.А.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мәңгілік Ел болудың биік межелерін айқындаған еді. Оның ішінде Президент ХХІ ғасырды Қазақ елінің алтын ғасыры болатынын болжамдады. Ал мұндай игілікті кезеңнің нақты көрсеткіші етіп Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 елінің қатарына Қазақстанның кіруі тиістігін айтып, осы бағытта атқарылуы тиіс тапсырмаларды түгендеді. Дегенмен, мұндай межелі биік асуларды еңсеру еліміз үшін оңай болмайтыны анық. Олай болатын себебі Жолдау барысында Ұлт көшбасшысы жаһанға қаһары төнуі әбден мүмкін 10 сын-қатерге баса назар аудартты.

Сондай сын-қатердің арасында Президент әлемде үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық мәселесіне де ерекше тоқталған еді. «Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі – күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық.  Оның негізгі себебі – әлеуметтік теңсіздік. «Сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет – қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қазақстан аумағында әрбір кезеңдерде түрлі сенімдер мен діндердің болғаны тарихтан белгілі. Еуразияның ұлан-ғайыр даласы сан ғасырлар бойы оны мекен еткен халықтардың тарихи-мәдени және өзара әрекеттестігінің күрең жолы болып келді. Осы дәстүрлерге негізінделе отырып, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан заңды түрде толеранттылық пен діни төзімділікті нақты іске асырудың ордасына айналды.

«Қазақстан-2030» стратегиясының 10-жылдығына арналған конференцияда Елбасы Н.Ә. Назарбаев былай деп айтты: «Қазақстан бүгін маңызды халықаралық мәдениетаралық және конфессияаралық сұхбат орталықтарының бірінің қызметін атақарып отыр. Біз әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезін өткіземіз. Қазақстанның бұл міндеті өзге елдер мен халықаралық ұйымдар тарапынан, әсіресе, Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан қолдау табуда».

Осы орайда, Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы ассамблеясы, еліміздегі ұлттық мүдделерді келістірудің бірегей құралы қызметін атқарып отыр. Барлық ұлттардың өз тілі мен мәдениетін, дінін, қайта жаңғыртуына берілген мүмкіндік қоғамымызда тұрақтылық пен татулыққа ықпал етеді. Қазақстан халқы ассамблеясының қызметінде әлемдік деңгейдегі ұлтаралық және конфессияаралық шиеленістерді шешуде өте жағымды тәжірибе бар.

Қазіргі қазақстандық қоғамда діннің орны мен рөлінің маңызы арта түсті. Ол қоғамымыздың нақты әлеуметтік және рухани құрамдас бөлігіне айналды. Халық нақ дін арқылы өзінің дәстүрлі құндылықтары мен адамгершілік қағидаларын жандандыруға тырысады.

«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жаңа Жолдауы ел болашағы, экономика мен саясаттың ғана емес, дініміздің де келешегін кемелді етуге бағытталған құжат. Қазақ халқы Ислам дінін қабылдағаннан бері мың жылдан артық уақыт өтті. Осы аралықта біз, Жолдауда айтылғандай Исламның сүннизм бағытын, оның ішінде төрт мәзһабтың бірі Имам Ағзам Әбу Ханифа негізін салған мектепті жетекшілікке алып келеміз. Ал бір мәзһабты ұстану – мұсылмандардың ынтымақ пен бірлікте болуының кепілі. Бұл Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекет үшін аса маңызды.

Қазақстандағы дінаралық татулық ең алдымен ислам мен православиеге сүйенеді. Екеуінің бейбіт, қатар өмір сүруі біздің әлеуметтік және рухани тұрақтылығымыздың кепілі. Халқымыздың тарихы мен мәдениетін қалыптастырудағы рөлін мойындаудың бір көрінісі Құрбан айт пен православтық Рождествоның ресми күнтізбеде мейрам күндері ретінде белгіленуі. Осылайша, Қазақстан бүкіл әлемге ислам мен христиандық арасындағы діни төзімділік пен диалогтың өзіндік тәжірибесін ұсынып отыр. Әсіресе, оның маңыздылығы жаһанда өршіп тұрған діни алауыздық пен қақтығыстар жағдайында арта түсуде.

Дегенмен, дінді желеу етіп ел арасына іріткі салатын топтар да бар екені рас. Бұл жайт ел тұтастығына, дін аралық татулыққа, жалпы ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіреді. Осы орайда Елбасы Н.Ә. Назарбаев аталмыш Жолдауында: «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни ағымдар мәселесі өткір тұр» деп атап өтті.

Әбу Ханифа мәзхабы - суннизмдегі басқа мазһабтарға қарағанда неғұрлым толерантты, қанағатшыл, жергілікті әдет-ғұрып, салт-дәстүр нормаларымен санасатын бағыт. Ханафи мазхабының әдет-ғұрыпқа қатысты ұстанымдарының орны ерекше.

Біздің ата-бабаларымыз «экстремизм», «радикализм» деген ұғымдарды білген жоқ. Құранды ашып, оқып қарасақ кісіге, тіпті жан-жануар, жәндікке де қиянат жасау туралы бір сөз таба алмаймыз. Ендеше ата-бабамыз, жалпы түркі халқы айнымаған жолдан біздің де адаспауымыз абзал. Біз елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек.

Демек, алдағы уақытта да Президенміз меже етіп алға қойып отырған «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасындағы нұсқауды басшылыққа алуымыз қажет. Жолдаудағы «Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Олбіздің дәстүріміз. Бірақ бізде зайырлы қоғамның дәстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек. Біз елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек» - деген Елбасының сөзінде үлкен көрегендік, ерекше мән жатыр. Ендігі мақсат «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы міндеттерді жүзеге асыру.

Қазақстандағы мемлекет пен дінаралық қатынастар әріптестік, өзара құрмет және араласпаушылық секілді қағидаттарға негізделеді. Қазақстан адамзат қоғамдастығының үйлесімді дамуына бағытталған кез-келген бастаманы қолдауға, Шығыс пен Батысты жақындастыруға және өзге елдердің тәжірибесін қабылдауға әр кез дайын. Мемлекет басшылығының ішкі саясаттағы қадамдары да, халықаралық бастамалары да конфессияаралық татулық пен толеранттылықты қалыптастыруға бағытталған. Тұрақтылық пен келісім – бұл күн сайынғы үлкен жұмыс, оны жылдан жылға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, Мәңгілік Ел болу жолында жалғастыру қажет. 


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТЫЛУЫ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚ


Жұмағалиев Д.А.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мәңгілік Ел болудың биік межелерін айқындаған еді. Оның ішінде Президент ХХІ ғасырды Қазақ елінің алтын ғасыры болатынын болжамдады. Ал мұндай игілікті кезеңнің нақты көрсеткіші етіп Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 елінің қатарына Қазақстанның кіруі тиістігін айтып, осы бағытта атқарылуы тиіс тапсырмаларды түгендеді. Дегенмен, мұндай межелі биік асуларды еңсеру еліміз үшін оңай болмайтыны анық. Олай болатын себебі Жолдау барысында Ұлт көшбасшысы жаһанға қаһары төнуі әбден мүмкін 10 сын-қатерге баса назар аудартты.

Сондай сын-қатердің арасында Президент әлемде үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық мәселесіне де ерекше тоқталған еді. «Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі – күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі – әлеуметтік теңсіздік. «Сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет – қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Бүгінгі әлем үшін жаһандық дағдарыс туғызған толқынмен күрес – аса маңызды мәселе. Ал ондай күресте тиімділік болуы үшін ең алдымен дағдарыстың шығу себептерін түпкілікті зерделеп, оның туындауына cебеп болған бағытты бағамдау маңызды. Кейбір сарапшылардың пайымдауынша, дағдарыс ұзақ жылдар бойы экономикалық-әлеуметтік, қаржылық саладағы қордаланып қалған мәселелердің шешіміне дер кезінде жауаптың болмауынан туындап отыр. Ендеше жаһандық дағдарыспен күрес бір-екі жылдың шаруасы еместігі даусыз.

Сонымен қатар, жаппай етек алған жаһандық дағдарыстан жеке-дара мемлекеттер оқшауланып шығып кетуі мүмкін еместігін айтушылар да аз емес. Яғни, экономикалық күйзеліске әлем елдері тек бірлесе атқарған шаралармен ғана тойтарыс бере алады.

Ендеше Қазақстан жаһандық тұрақсыздық уақытында қандай болуы керек? Дағдарыспен күресте қандай мүмкіндіктерді жүзеге асырған ләзім? Ең ақыры әлеуметтік саясаттың орнықты әрі жасампаздықпен дамуы үшін не қажет? Осынау сұрақтардың жауабын Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласынан таба аламыз.

Ғаламды жайлаған дағдарыстан сауатты қорғану үшін Елбасы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай қадам жасауды ұсынады. Ал ондағы бағдарлаған басты принцип «еңбек етсең емерсің» деген қағидаға сәйкес келеді. Елбасы атап өткендей, әлеуметтік мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды. Ал әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыру мемлекеттің ғана емес, қоғамның әрбір мүшесінің міндеті. Ата-бабаларымыз елдің көсегесі еңбекпен көгеретінін, еңбек арқылы ғана жетістікке жетуге болатындығын айтып кеткен. Сондықтан да, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы – ел игілігі жолында қажырлы еңбек етуге үндеп, қоғам дамуындағы еңбектің рөліне аса зор мән береді.


comments powered by Disqus

© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика